Глубокое ауданына медициналық пойыз келеді
Глубокое ауданының тұрғындары екі күн бойы білікті медициналық мамандардан тегін кеңес ала алады.
25-26 мамырда Глубокое кентіндегі Ертіс зауыты стансасында заманауи диагностикалық және медициналық жабдықтармен (УДЗ, флюорография және т.б.), шағын операциялық бөлмемен, зертханамен жабдықталған «Жәрдем» медициналық пойызы жұмыс істейді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Азаматтардың әлеуметтік қолдау алу құқықтары, зейнетақылар, жәрдемақылар, әлеуметтік төлемдер және әлеуметтік заңнамадағы басқа да өзгерістер бойынша аудан тұрғындарына тегін кеңестер беріледі.
Пойыздың жұмыс уақыты: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін (үзіліссіз).
Тұрғындардың өздерімен бірге жеке куәлігі болуы қажет. Қабылдау кезек тәртібімен жүргізіледі.