KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Маусымнан бастап Алакөлге пойыз бен автобус шығады

Фото: Шартты сурет

24.05.2023, 15:27 491

1 маусымнан бастап тақ күндері Өскемен қаласынан Жалаңашкөл станциясына дейін пойыз қатынайды. 15 маусымда күнделікті қатынайтын автобус қызмет көрсете бастайды.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ бірыңғай анықтамалық-ақпараттық орталығының мәліметінше, пойыз билеттері сатылымға әлі шықпаған және бағасы да белгісіз. Дегенмен, пойыздың жүру кестесі бекітілген. Кесте бойынша пойыз Өскеменнен сағат 16:10-да шығып, Жалаңашкөл станциясына келесі күні 10:55-те жетеді. Ары қарай қажетті демалыс орындарына дейін жолаушылар таксимен жете алады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Өскемен автовокзалынан шығатын автобус қызметі 15 маусым мен 20 тамыз аралығында жалғасады. Автобус билеттері қазір де сатылымда бар. Өскемен автовокзалының мәліметіне сәйкес, аталған бағыттағы автобус билетінің құны ересектер үшін – 7000 теңге, ал балалар үшін – 3500 теңге көлемінде белгіленген. Облыс орталығындағы автовокзалдан Алакөлге бару және кері қайту билетін бірден алуға болады.

Автобус күн сайын Абай даңғылы, 8 мекенжайындағы автовокзалдан сағат 19:30-да шығады да, келесі күні таңертеңгі сағат 8-9 шамасында жетеді.

                     

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу