Шомылу маусымы: Өскемен мен Семейден Алакөлге апаратын пойыз
Жазда ШҚО-ның үлкен қалаларынан Алакөлге апаратын пойыздар шықты. Шомылу маусымына аз ғана қалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Қала маңына жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын компания, облыс әкімдігімен бірлесіп, Семей мен Өскеменнен Алакөлге қатынайтын пойыз шығарды.
Пойыз екі қаладан да тақ күндері аттанып, жұп күндері кері қайтып отырады. Яғни қалалардан 1 маусымда, ал Алакөлдегі Достық стансасынан 2 маусымда жүреді.
Пойыз жаз біткенше, тамыздың соңына дейін жүріп тұрады.
Жол жүру уақыты – 17-18 сағат.
Оқи отырыңыз