KZ
Өскемен
+20°
пасмурно жел 1,3 м/с, В
464.72 496.32 5.4

Жаратылыстану пәндерінің оқытушылары арасында байқау өтті – ШҚО

Фото: gov.kz

26.05.2023, 19:09 245

26 мамырда «Жаратылыстану ғылымдарының үздік оқытушысы – 2023» облысаралық байқауы өтті. Байқауды ШҚО кәсіптік білім беру орталығы Глубокое техникалық колледжімен бірлесе ұйымдастырған.

Сайысты ұйымдастырудағы басты мақсат – кәсіби маман даярлау сапасын арттыру, колледж оқытушыларының педагогикалық қызметтегі шығармашылығын дамыту, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Байқау «Эссе», «Менің әдістемелік идеям», «Инновациялық педагогикалық қызметтің презентациясы» сынды кезеңдерден құралған.

Қорытынды бойынша Бас жүлдені Лаура Құспанова (М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж), І орынды Ақмарал Құсбекова (Бесқарағай колледжі), ІІ орынды Жайна Мұқашева (Авиценна жоғары медициналық колледжі), ІІІ орынды Әсемгүл Слямова (Көлік колледжі) иеленді.

Сонымен қатар «Зерттеуші-оқытушы», «Өз пәніне деген құштарлығы үшін» номинациясының иегерлері анықталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив