KZ
Өскемен
-3°
небольшой снег жел 6 м/с, ОШ
527.3 544.86 4.95

Жұмысшыларына жақсы жағдай жасап отырған кәсіпорындар – ШҚО

31.05.2023, 19:34 238 Мадина Амангелдіқызы

Қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту және бизнес-құрылымдардың ел экономикасына қосқан үлесін, әлеуметтік жауапкершілігін қолдап, жария етуге бағытталған «Парыз» байқауының өткізіліп келе жатқанына 15 жыл болды.

 15 жыл ішінде шығысқазақстандық кәсіпорындар аталмыш байқаудың түрлі номинациясы бойынша бірнеше мәрте жүлделі орындардан көрінді. Оған дәлел – екі бірдей ұйымның республикалық сайыста жеңіс тұғырынан көрінуі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Атап айтсақ, 2022 жылы «Востокцветмет» кәсіпорны «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясы бойынша екінші орынды, ал глубокоелық «Виситаев Р.Д.» шаруа қожалығы да осы номинацияда жүлделі үшінші орынды иеленді.

«Виситаев Р.Д.» шаруа қожалығы еңбек нарығында 2001 жылдан бастап еңбек етіп келеді. Бүгінде 120 адамға тұрақты жұмыс орнын беріп отыр. Екі қолға бір күрек тауып отырған азаматтардың ай сайынғы еңбекақысы 450 мың теңгені құрайды. Бұл орта кәсіпорынның басшысы Виситаев Тимур Русланұлы. Шаруа қожалығының негізгі бағыты: ауылшаруашылық өнімдерінің тауарлық өндірісі (өсімдік шаруашылығы), етті бағыттағы мал шаруашылығы.

Мемлекет орта және шағын кәсіпкерлікті жақсы қолдайды. Аталған кәсіпорын жыл сайын мемлекеттен заманауи тыңайтқыштарды сатып алуға субсидия және соңғы үлгідегі ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға инвестициялық субсидия алады. Бұл шаруа қожалығында соңғы заманауи үлгідегі технологиялар мен техникалар қолданылады. Кәсіпорынның өз еңбеккерлеріне деген құрметі аса жоғары. Жыл сайын қызметкерлеріне үй сатып алуға миллиондаған қаражат бөлінеді, кәсіпорын жұмысшылары үшін ауылшаруашылық өнімі түріндегі әлеуметтік пакет, бала туғанда 100 мың теңге көлемінде бір реттік материалдық көмек, санаторийлерде демалуға тегін жолдама беріледі. Кәсіпорын түрлі қайырымдылық шараларынан да тыс қалмайтынын айта кеткен жөн.

 Айтпақшы, «Парыз-2023» конкурсына өтінім қабылданып жатыр. Биылғы байқауда жеңіс тұғырынан кімдер көрінер екен?

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу