ШҚО-да жаңа оқу жылында кімдерге ыстық тамақ тегін болады?
Фото: goo.edu.kz
Жаңа оқу жылының басынан бастап облыстағы барлық бастауыш сынып оқушылары мектептерде тегін тамақтанады.
Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов жақында өткен мәслихат сессиясында мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Аймақ басшысы сондай-ақ биылғы негізгі міндеттердің бірі – балабақшаларда 100 пайыз орынмен қамтамасыз ету екенін айтты. Қазіргі күні, әкімнің айтуынша, шығысқазақстандықтар үш жастан алты жасқа дейін орындармен толық қамтамасыз етілген. Ал екі жастан бастап балабақшаларда 2500-ге жуық орын жетіспейді. Жақын арада облыста мемлекеттік-жекеменшік серіктестік бағдарламасы аясында мектепке дейінгі жеті мекеме салынбақ.
Даниал Ахметов атап өткендей, екі жыл ішінде балабақшалардағы орын тапшылығы толық жойылады.