KZ
Өскемен
+15°
пасмурно жел 6 м/с, Ю
443.16 480.39 4.94

Мектептерде кейбір оқушылар тегін тамақпен қамтамасыз етіледі – ШҚО

23.08.2022, 09:42 170

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов республиканың кейбір өңірлерінде оқушылар тегін тамақпен қамтамасыз етілетіні туралы айтқан болады. Ол тізімде Нұрсұлтан, Шымкент қалалары мен Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Ақмола және Маңғыстау облыстары кірген.

Ал ШҚО білім басқармасы тартқан мәліметке сенсек, тізімде көрсетілмесе де жергілікті мектептердегі бастауыш сынып оқушыларының бір бөлігі ыстық тамақпен қамтылады.

-        Облыста балаларды тегін тамақпен тегін қамту 16 546 адамды немесе оқушылардың 17% - ын құрайды, оның ішінде 1-4 сынып оқушылары 8632. Бұл мақсатта арнайы 1,2 миллиард теңге қаржы бөлінді, - дейді ШҚО білім басқармасының баспасөз қызметі.

Көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар міндетті түрде мектеп асханаларында бал мен сүт алады. Бұл көмек жалпыға міндетті оқу қорынан көрсетілмек.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив