Ауыл аманаты: жобаны қалада жүзеге асыруға бола ма?
"Ауыл аманаты"жобасын қалада жүзеге асыруға бола ма? Бұл сұраққа Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов жауап берді.
Алтай Көлгінов ШҚО-ға жұмыс сапары барысында "Ауыл аманаты" жобасының әлеуетті қатысушыларымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Кездесу барысында "бұл жобаны қалада жүзеге асыруға бола ма?" деген сұрақ қойылды. Вице-премьер бағдарламаның өзі ауыл тұрғындарын қолдауға арналғанын, ал қалалық шаруашылықтар үшін субсидиялаудың басқа да тетіктері бар екенін түсіндірді.
Айта кетсек, жұмыс сапары барысында Алтай Көлгінов Шығыстағы денсаулық сақтау және спорт нысандарымен, ерекше мұражайдың жәдігерлерімен танысты.