KZ
Өскемен
-9°
туман жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Қазақ даласынан табылған жәдігерлер Қазан қаласында – ШҚО

Фото: gov.kz

8.06.2023, 12:34 294

6 маусым күні Татарстан астанасы Қазан қаласында «Ұлы дала алтыны» көрмесі ашылды. Көрме қаланың көне бөлігі «Қазан Кремлі» мемлекеттік музей-қорығында орналастырылған.

Ашылу салтанатына ШҚО әкімінің орынбасары Дархан Сапанов қатысты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Көрменің тұсаукесер рәсіміне қатысушылар үшін экскурсия ұйымдастырылған.

Көрмеге қойылған 15 мыңнан астам жәдігерді археологтар Елеке сазы, Шілікті, Берел, Ақжайлау қорымдарынан тапқан. Бұл – археология бағытындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағдарламасы аясында облыста қолға алған жұмыстардың нәтижесі. Ұсынылған сәндік-қолданбалы өнер туындыларының көбі «Аң стилі» бойынша безендірілген. Аталған көрме ауқымды зерттеулер мен археологияның елдегі жоғары деңгейін танытуға, артефактілер арқылы Қазақстан аумағында мыңдаған жылдар бұрын қалыптасқан тарихи-мәдени мұраны паш етуге бағытталған.  

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу