KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 2,7 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Волейболдан республикалық лига соңына жетті – ШҚО

Фото: gov.kz

19.06.2023, 09:55 203

12-16 маусым аралығында Өскемен қаласында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында волейболдан республикалық ұлттық спорт лигасы өтті.

Жарысқа қатысқан облыс құрамалары жүлделі орынға ие болды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Сайысқа облыс атынан техникалық-гуманитарлық колледж бен Қазақстан-Америкалық еркін университетінің жоғарғы колледжінің ұл-қыздарынан құралған командалар қатысқан.

Жарыс нәтижесі бойынша жалпыкомандалық есепте Техникалық-гуманитарлық колледждің ұлдар командасы ІІ орынды, Қазақстан-Америкалық еркін университетінің жоғарғы колледжінің қыздар командасы ІІІ орынды иеленді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив