Полицейлер ШҚО тұрғынынан 2,4 келі марихуана тәркіледі
Фото: polisia.kz сайтынан алынды
ШҚО-да полиция қызметкерлері тұрғыннан 2,4 келі марихуана тәркілеген.
Дерек “Қарасора – 2023” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде анықталған, деп хабарлайды Altaynews polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Шемонаиха полиция бөлімінің қызметкерлері шара аясында есірткі заттарын сақтады деген күдікпен 32 жастағы ауыл тұрғынын ұстаған. Ұсталған адамнан марихуана салынған полимерлі қапшық табылды. Сараптамаға сәйкес, тәркіленген есірткінің салмағы 2 келі 400 грамды құрады. Күдікті 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына тартылады.
Оқи отырыңыз