ШҚО әкімі мемлекеттік қызметшілерді құттықтады
Фото: egemen.kz
Облыс әкімі Ермек Көшербаев мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекеге орай құттықтады.
Облыс әкімі әрбір мәселеге мұқият қарап, азаматтардың барлық өтініштеріне жедел ден қою керектігін атап өтті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
"Бүгін Қазақстанның мемлекеттік қызметшілері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтуде. Бұл адамдардың қызметі, ең алдымен, еліміздің әрбір азаматының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Жаңа Қазақстанды бірге құру үшін біз әрбір проблемалық мәселеге мұқият болып, азаматтардың барлық өтініштеріне жедел ден қоюымыз керек. Тек осылай ғана біз "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын жүзеге асыра аламыз. Мен Шығыс Қазақстанның мемлекеттік қызметшілерін кәсіби мерекемен құттықтай отырып, нәтижелі жұмыс, барлық жоспарларды іске асыруда табыс, денсаулық, бақыт және амандық тілеймін!" – деп жазды әкім.
Оқи отырыңыз