ШҚО ТЖД-да 28 мемлекеттік қызметші еңбек етеді
Фото: ШҚО ТЖД Баспасөз қызметі
ШҚО төтенше жағдайлар қызметінде офицерлермен қатар мемлекеттік қызметшілер де еңбек етеді. Олар азаматтық қорғаныс, ТЖ алдын алу және жою, қаржылық және құжаттамалық қамтамасыз ету басқармаларында, кадр қызметінде, құқықтық және талдау бөлімдерінде қызмет етеді.
ШҚО ТЖД-да барлығы 28 мемлекеттік қызметші бар, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Соның бірі – қызметтегі ең тәжірибелі мемлекеттік қызметкер Наталья Глушакова. Қазіргі уақытта қоғаммен байланыс тобында жұмыс істейтін маман салаға 25 жылдан астам уақытын арнаған. Ол өзінің мансабын 1996 жылы Азаматтық қорғаныс курстарының оқытушысы ретінде бастаған көрінеді.
Ал Валентина Панова мемлекеттік қызметте 1998 жылдан бері жұмыс істейді. Қазіргі уақытта Алтай қаласы ТЖБ азаматтық қорғаныс қызметінің бас маманы лауазымын атқарып жүр. Валентина Панова АҚ мәселелері, командалық-штабтық оқу-жаттығулар бойынша жоспарлау құжаттарын әзірлеуге қатысады, қаладағы азаматтық қорғаныс қызметтеріне үнемі әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді.
Бұл салада жастар да жетерлік. Риддер қаласы ТЖБ Азаматтық қорғаныс қызметінің бас маманы Елена Костенко төтенше жағдайлар жүйесіндегі еңбек жолын жаңадан бастаған.