ШҚО-да 309 шақырым су құбыры мен кәріз желісі жаңартылады
Бұл туралы бүгін облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов Үкімет отырысында мәлімдеді. Аймақ басшысы жағдайды тұрақтандыру және инженерлік инфрақұрылымды кезең-кезеңімен жаңарту мақсатында өңірде бірінші кезекте коммуналдық желілердің ең тозған және авариялық учаскелерін ауыстыру жөніндегі шаралар кешені жүзеге асырылып жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
2025 жылдың қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстанда су құбыры желілерінің тозу деңгейі 47%-ға, кәріз желілері 69%-ға дейін төмендеді. Жалпы алғанда сумен жабдықтау және суды бұру желілерінің 358 шақырымнан астамы қайта жаңартылып, салынды. Атқарылған дұмыстың жалпы құны 23 млрд теңгені құрады.

