KZ
Өскемен
-9°
небольшой снег жел 5 м/с, СБ
509.84 595.75 6.47

Ұлттық электронды кітапхананы қолданушылар саны 700 мыңнан асты

Бүгін, 11:30 42 Ержан Әбіш

Қазақстан Ұлттық электронды кітапханасын пайдаланушылар саны 700 мыңнан асты. 2007 жылы Ұлттық академиялық кітапхана негізінде құрылған электронды кітапхана 2025 жылы бірқатар маңызды нәтижелерге қол жеткізді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінде кітапхана қорында 64 тілдегі құжаттар сақталған. Платформаны әлемнің 122 елінен оқырмандар қолданады. Олардың қатарында Қытай, Ресей, АҚШ, Германия, Өзбекстан, Түркия, Нидерланд, Франция және Қырғызстан бар.

2025 жылғы деректерге сәйкес, қолданушылар саны 718 955 адамға жетті. Қазақстан Ұлттық электронды кітапханасының қорында кітаптар, ғылыми мақалалар, диссертациялық жұмыстар, сондай-ақ аудио және бейнематериалдардан тұратын барлығы 83 809 құжат орналастырылған.

Айта кету керек, электронды кітапханадағы барлық материалдармен тіркелусіз-ақ портал арқылы еркін танысуға мүмкіндік бар. Бұл өз кезегінде оқырмандардың білім мен ақпаратқа қолжетімділігін кеңейтіп, ұлттық мәдени мұраны насихаттауға ықпал етуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу