KZ
Өскемен
+16°
пасмурно жел 2,7 м/с, СБ
481.84 531.33 5.07

Зайсандық бишілер халықаралық байқаудан жеңіспен оралды

11.07.2023, 20:01 218 Мадина Амангелдіқызы

Зайсан ауданының жас бишілері Түркияда өткен халықаралық байқауда өнер көрсетті.

3-9 шілде аралығында Стамбул қаласында өткен "TURKEY-International ISTAMBUL-CULTURE Days Dance, Music Competition and Festival" атты  халықаралық байқау өтті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Байқауға Зайсан ауданындағы балалар музыка мектебінің оқушылары жолдама алған болатын.

 «Жауқазын» би тобының жетекшісі – Жанысбаева Бейбітгүл. Би тобының құрамында: Муратова Амина, Бектұрганова Аяла, Қуанышқызы Қарақат, Болатова Еркеназ, Болатова Маржан, Абдығалиева Малика, Мирғали Нұрай, Зайнильгабиденова Інжі, Мұратбек Нұрдана, Мұхаметбай Айару, Нұртазина Шұғыла, Оралбекова Балым, Оралбекова Ботагөз, Мұхтарқызы Айғаным, Тлеуғазықызы Айбөпе, Айдарқызы Айша.

Байқаудың қорытындысы бойынша, би тобы "Махамбет" биімен бас жүлдені, "Жайлауда" биімен 1-орынды иеленді. Сондай-ақ жеке номинация бойынша Мирғали Нұрай бас жүлдені жеңіп алды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив