KZ
Өскемен
+15°
ясно жел 2 м/с, В
467.29 501.03 5.35

Полицейлер борышкерлерді іздеу жұмысын жалғастырып жатыр – ШҚО

Фото: egemen.kz

12.07.2023, 16:23 119

Маусым айында Өскемен қалалық полиция басқармасының Көші-қон қызметі бөліміне жеке сот орындаушының қарызды өндіріп алу туралы қаулысы түскен.  

Қаулыда Өскемен қаласының 23 жастағы тұрғынының қарызы 4 322 226 теңгені құрайтыны жазылған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– Іздеу шаралары барысында Көші-қон қызметінің қызметкерлері борышкердің Ресей Федерациясының Краснодар қаласындағы тұрағын анықтады. Енді сот орындаушылары қарызды өндіріп алумен айналысады, - деді ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы Ринат Шкибаев.

Жыл басынан бері Полиция департаментінің қызметкерлері 50-ден астам борышкерді анықтаған. Дерекке сүйенсек, қазіргі уақытта борышты өндіріп алу жұмысы жүргізіліп жатыр.

ШҚО ПД Көші-қон қызметі атқарушылық құжатты орындамағаны үшін ҚР ӘҚБТК-нің 669-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік және ҚР ҚК-нің 139-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив