KZ
Өскемен
пасмурно жел 6 м/с, Ю
525.11 546.74 4.88

Қарыздан жалтарған семейлік Нұр-Сұлтанға көшіп кеткен

9.09.2021, 10:01 161

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері алимент төлемегені үшін іздестіріліп жатқан адамдардың және борышкерлердің тұрған жерін анықтау бойынша жұмыс жүргізуде.

Осы жазда Семей қаласы полиция басқармасының Көші-қон қызметі бөліміне жеке сот орындаушының 38 жастағы азаматтан жеке кәсіпкердің пайдасына 2 000 000 теңге көлемінде қарызды өндіріп алу туралы қаулысы келіп түсті.

- Белгілі болғандай, борышкер ақшаны қолхатпен алған, бірақ ол бес ай бойы оны қайтармаған. Жәбірленуші сот орындаушыларына жүгініп, алайда борышкердің орналасқан жерін анықтау мүмкін болмады, өйткені ол тіркелген мекен-жайы бойынша тұрмағаны анықталды, осыған байланысты сот приставы оған іздеу жариялаған.

Ағымдағы жылдың маусым айында көші-қон қызметінің қызметкерлері оны іздестіруді жариялағаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласында тұратынын анықтаған, - деді ШҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ербол Бекпаев. 

ШҚО Полиция департаментінің көші-қон қызметі атқару құжатын орындамағаны үшін ҚР ӘҚБК 669-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік және ҚР ҚК 139-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу