KZ
Өскемен
-20°
туман жел 1 м/с, СБ
509.75 594.67 6.46

60 жастағы семейлік тұрғын бизнес серіктесін алдап кеткен

4.12.2021, 15:14 371

Көші-қон полициясы басқармасы жұмысының негізгі бағыттарының бірі алимент төлеуден жалтарғандар мен борышкерлерді іздестіру болып табылады.

Мәселен, ағымдағы жылдың қараша айында Семей қаласы полиция басқармасының көші-қон қызметі бөліміне жеке сот орындаушысының 60 жастағы бизнес серіктесінің пайдасына шамамен 3 500 000 теңге қарызды өндіріп алу туралы қаулысы келіп түсті. Ер адам ақшаны қарызға алып, белгіленген мерзімде қайтармағаны белгілі болды.

Борышкерге іздеу жариялағаннан кейін көші-қон қызметінің қызметкерлері оны 4 күн ішінде Алматы облысында тұрып жатқандығын анықтады. Енді қарызды өндіріп алумен сот орындаушылары айналысуда.

ШҚО ПД көші-қон қызметі атқару құжатын орындамағаны үшін

ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік және ҚР ҚК-нің 139-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу