KZ
Өскемен
ясно жел 1,4 м/с, В
479.23 534.96 5.16

ШҚО-да Ұлттық ұланның ақпараттық-насихаттық жұмысы басталды

Фото: Аяужан Утеулинованікі

13.07.2023, 13:02 156

ШҚО-да ҚР Ұлттық ұланының ақпараттық-насихаттық тобының республикалық жұмысы басталды.

Ақпараттық-насихаттық топтың сапары ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, Халық Қаһарманы, генерал-майор Қайрат Үмбетов жетекшілік ететін топ өңірдің елді мекендерінде бірқатар шара өткізеді.

Тур армия қызметінің беделін арттыруға, әскери қызметшілер мен азаматтық жастарды қазақстандық патриотизм мен конституциялық борышқа адалдыққа тәрбиелеуге, ішкі істер органдары мен Ұлттық ұланның имиджін нығайтуға, азаматтардың санасында әскери қызметшілердің міндетіне деген оң көзқарас қалыптастыруға бағытталған.

Тур барысында Ұлттық ұланның ән-би ансамблі елді мекендерде «Ұлттық ұлан – ұлт рухы!» атты концерт өткізеді. Ансамбль өнерпаздары әскери әндерді, халық әндері мен эстрадалық туындыларды шырқайды. Көрермендер назарына әлем халықтарының билері мен құрметті қарауыл ротасының дефилесі ұсынылады.

Тур барысында жоспарланған тағы бір ауқымды концерт 12 шілде күні «Ертіс концерт» мекемесінде өткізілді.

– Бүгін өзіміздің авторлық әнімізбен бастаймыз. Насихат жұмысын жүргізу үшін жұмыс сапарына аттанғанда күніне екі-үш концерт өткізетін кездер болады. Сол үшін біз 50 шақты шығарма дайындаймыз. Әр қалаға байланысты, тыңдармандардың сұрауы бойынша бағдарлама ойластырамыз, – дейді Ұлттық ұланның ән-би ансамблінің жетекшісі аға лейтенант Алпамыс Асылбек.

Ақпараттық-насихаттық тобы жұмысының барысында әртүрлі жастағы тұрғындарды қамту көзделген.

– Біз ҚР ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Марат Ахметжановтың тапсырмасы бойынша Шығыс Қазақстан өңірінде жүрміз. Негізгі мақсат – жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, әскер қатарына алынатын, әскерге бармаған жастардың рухын сөзбен, өлеңмен жанып, Отан, ел тақырыбында әңгіме өткізіп, концерт қойып, Қазақстанымыздың өркендеуі жолындағы жұмысымызды көрсету. Сонымен қатар Ұлттық ұланның қызметтік істерін көрсету мен беделін көтеруді, ішкі істер органдарының имиджін нығайтуды мақсат тұттық. Өйткені көпшілік, әсіресе жастар олардың қандай қызмет атқаратынын біле бермейді. Ән-би ансамблінің өнерпаздары кешеден бері Өскемен қаласында екі концерт ұйымдастырды. Сонымен қатар сарбаздар алдында өнер көрсеттік, қарттар үйіне, балалар үйіне бардық, – дейді Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығы Баспасөз қызметінің өкілі полковник Қуаныш Қожахметов.
 


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив