KZ
Өскемен
-10°
туман Штиль
498.34 519.72 4.85

Білікті маман: ШҚО-да 270 грант бөлінеді

Фото: batys.info

17.07.2023, 18:00 714 Мадина Амангелдіқызы

Шығыс Қазақстанда 6 жыл қатарынан "Білікті маман" жобасы жүзеге асырылып, өз жемісін беруде.

Жобаның артықшылығы – жастардың жоғары білімге қолжетімділігі едәуір кеңейді. Сондай-ақ жобаның арқасында жастардың өзге елдерге кетуі 1800 адамнан 298 адамға дейін төмендеп, жұмысқа орналастырылған адамдардың үлесі 77%-ға дейін ұлғайған, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.

ШҚО білім басқармасының ақпараты бойынша, аталмыш жобаны іске асыру кезеңінде жергілікті бюджеттен 2306 білім беру гранты бөлінген.

  "Ағымдағы жылы 270 білім беру гранты білім беру, медицина, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, инженерия, құрылыс және ауыл шаруашылығы сияқты өңірге қажетті мамандықтарға бағытталатын болады. Конкурстың қатысушыларына білім беру грантын алу үшін өтініштер қабылдау 2023 жылдың 5-10 тамызы аралығында жүзеге асырылатынын хабарлағымыз келеді", – дейді басқармада.

Сонымен қатар олар құжаттарды тапсыру кезінде шалғай аудандардан келген талапкерлер бейнебайланыс арқылы кеңес ала алатынын айтты.

  "Мемлекеттің басымдығы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларға жоғары білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету екені даусыз. Осы мақсатта бірқатар санат үшін квоталар белгіленді, олар: бірінші немесе екінші топтағы мүгедек адамдар, бала кезінен мүгедек адамдар; жеңілдіктері бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер; ауыл жастары; ҚР азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар; жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; ҚР Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударатын ауыл жастары; үш жыл бойы толық емес мәртебесі бар және көпбалалы отбасылардан шыққан балалар. Міндетті шарт – өтінішке квотаны растайтын құжаттарды қоса беру қажет", - деп түсіндірді ШҚО білім басқармасында.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу