KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СШ
481.84 531.33 5.07

ШҚО-да мектеп жетіспейтін ауылдардың тізімі жасалады

Фото: Шығыс ақпарат

21.07.2023, 10:12 755

Шығыс Қазақстанда тозығы жеткен мектептердің жағдайы анықталып, жөндеу жұмыстары жүргізілуі немесе жаңа білім ордасы салынуы мүмкін. 

Зайсан ауданына қарасты Үлкен Қаратал ауылындағы мектептің сапасы сын көтермейді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Аймақ басшысы Зайсан ауданына сапары барысында 500 км-ден астам қашықтықта орналасқан шекара маңындағы ауылдарға да барды. Сапар аясында облыс әкімі Үлкен Қаратал ауылындағы ағаш мектептің жағдайын білді. 2000 жылдардың басында салынған мектептің қазіргі жағдайы мәз емес. Спортзал мен асхана орналасқан жертөлесі сыз тартып, сапасы сын көтермейтін халде тұр.

Осыған байланысты облыс әкімі Білім басқармасының өкілдеріне қандай ауылдар жаңа мектептерге зәру болып отырғанын анықтап, тізім дайындауды тапсырды.  

Ал Үлкен Қаратал ауылының тұрғындары жаңа мектеп салынса, ескі ғимарат бос қалмай, ауылдық клуб немесе кітапхана ретінде берілсе деген өтініштерін айтты.

Айта кетелік, тозығы жеткен ағаш мектепте 170-тен астам бала білім алады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив