KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, В
476.27 515.47 5.41

ШҚО-да веложарыс өтіп жатыр

2.08.2023, 23:01 1 120 Мадина Амангелдіқызы

Жарыстарды Шығыста өткізу дәстүрге айналған.

ШҚО-да 53-ші  «Қазақстан оқушысы-2023» дәстүрлі халықаралық көпкүндік веложарысы басталды. Биыл жарысқа Қазақстан мен Өзбекстанның әр өңірінен 11 команда қатысып отыр, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.

Жарысты ШҚО әкімдігі мен ШҚО білім басқармасының қолдауымен ҚР ОАМ "Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы" РМҚК, «Қазақстан велосипед спорты федерациясы» РҚБ ұйымдастырып отыр.

Веложарыс рельефке және қатысушылар орындайтын тапсырмаларға байланысты әртүрлі қиындық деңгейлерімен 7 кезеңде өтеді.

- Мен осы спорт түрімен 6 жыл айналысамын. Үшінші рет "Қазақстан оқушысы" веложарысына қатысамын, бұл - мен үшін үлкен тәжірибе. Сонымен қатар Шығыста керемет табиғат, қуат беретін әдемі таулар бар, - дейді Жетісу облысынан келген веложарысқа қатысушы Ілияс Ерқасым.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарыстарды дәл Шығыста өткізу дәстүрге айналған.

- Бүгін мұнда еліміздің әртүрлі аймақтарынан келген велосипедшілер, сондай-ақ Өзбекстан өкілдері жиналды. Барлығы 11 команда. Барлығына сәттілік және жеңіс тілейміз! - деді "Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы" РМҚК қызметкері Нұрсұлтан Бекмұратұлы.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив