KZ
Өскемен
+18°
небольшой дождь жел 2 м/с, СШ
476.27 515.47 5.41

ШҚО-да оқушылар арасында веложарыс өтеді

Фото: news.myseldon.com

1.08.2023, 12:08 164 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысында «Қазақстан оқушысы-2023» деп аталатын көпкүндік велосипед жарысы өтеді.

Бұл спорт бәсекесі жыл сайын жалғасын тауып келеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Облыстық білім басқармасы веложарыстың 1-10 тамыз аралығында болатынын мәлімдеді.

«ҚР Білім министрлігінің Ұлттық денешынықтыру ғылыми-практикалық орталығының спорттық-бұқаралық және денешынықтыру-сауықтыру іс-шараларының күнтізбелік жоспарына сәйкес «Қазақстан велосипед спорты федерациясы» РҚБ-мен бірлесіп 2023 жылғы 1-10 тамыз аралығында ШҚО аумағында «Қазақстан оқушысы-2023» 53-ші дәстүрлі көпкүндік велосипед жарысы өткізіледі», – деп жазылған хабарламада.

Ұйымдастырушылар іс-шараның бірқатар мақсаты бар екенін атап өтті. Мәселен:

- оқушылар арасында велосипед спортын насихаттау;

- еліміздің құрама командасының резервін қалыптастыру үшін дарынды велосипедшілерді анықтау;

- Қазақстан Республикасының өңірлерінде осы спорт түрінің даму деңгейін анықтау.

«Қазақстан оқушысы-2023» веложарысының ашылу рәсімі 2 тамызда сағат 10.00-10.30 аралығында «ШҚО үстел теннисінен МБЖОРСМ» КММ-де (Сәтбаев даңғылы, 82/8) болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив