KZ
Өскемен
-2°
небольшой снег жел 7 м/с, Ю
493.85 519.04 4.97

Риддер ЖЭО-да жыл соңына дейін екінші күл шұңқырын қазады

3.08.2023, 15:56 145

Риддер ЖЭО күл үйіндісіне арналған орын – күл-қож қоспасы төгілетін, екі футбол алаңының көлеміндей арнайы жабдықталған үлкен шұңқыр. Күл мұнда сумен бірге құбырлар арқылы ағады.

Қазір шұңқыр ернеуіне дейін  толған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Сондықтан Риддер ЖЭО мекемесі жылыту маусымы басталғанша күл-қожды басқа учаскеге шығарып, күл үйіндісіне арналған орынды босатуды ұйғарды. Бұл жұмысты жергілікті «Восток Строй Капитал» ЖШС жүргізеді.

Ресми деректерге сәйкес, «Риддер ЖЭО» АҚ-ның бұрынғы иесі инвестициялық бағдарламада көрсетілген аталған нысанды күтіп ұстау және күлге арналған жаңа орын салу туралы талаптарды орындамаған.

«Восток Строй Капитал» ЖШС бас инженері Станислав Анисимовтың айтуынша, ереже бойынша мұндай шұңқырдың саны екеу болуы тиіс.

– Біреуі – резервтік, екіншісі іске қосылған болуы керек, – деп түсіндірді ол. – Біреуі толып кеткен жағдайда күлді екіншісіне төгу керек. Ал толып кеткенін босату қажет. Қазіргі уақытта күл кепкен күйде. Бұлай болмауы керек. Жел шаңды ұшырып әкетпеуі үшін бетінде әрқашан су болуы керек.

Жақын жерде жаңа қазаншұңқыр салынып жатыр. Оның құрылысын және қолданыстағы күл үйіндісіне арналған орынды жыл сайын тазартуды «Риддер ЖЭО» АҚ бұрынғы инвесторы қамтуы тиіс еді. Дерекке сүйенсек, бұл жерде жұмыс жүргізілмеген көрінеді. Енді оның құырылысы ЖЭО-ны күрделі жөндеу аясында аяқталып, жыл соңына дейін пайдалануға берілмек.

Станислав Анисимовтың айтуынша, қазір қолданыстағы күл үйіндісінде 600 мың тоннаға жуық қатты отын қалдығы жиналған. Шамамен 45 мың текше метр күл шығарылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу