Риддер қаласында жылдар бойы өзекті болып келген мәселенің шешімі табылды.
Риддерге суық су толып көлемде берілуде. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұл Громотуха өзеніндегі Лениногорск ГЭС учаскесінде шұғаның қалыптасуы. Табиғи құбылыс жылына екі-ақ рет - күздің соңғы айында және қыстың басында, көктемде орын алатын көрінеді.
- Қазір суық су толық көлемде беріліп жатыр. Өнеркәсіптік кәсіпорындарға, оның ішінде Риддер жылу электр орталығына шектеулі мөлшерде. Маманжар мұзы сындырып, өрт гидранттарымен жұмыс істейді. Қазір Риддерге екі сорғы әкелінді, олар суды шұңқырдың тереңінен алып, жүйеге айдайды. Бүл өте маңызды, себебі 4 қазандықта жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары аяқталған. Ол іске қосылуға толықтай дайын. Жүйедегі температура 60 градустан жоғары көтерілді, - дейді ШҚО әкімі.
Ал, бесінші қазандықта әлі де басқару жүйесін жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол жүйе 5 желтоқсанға дейін іске қосылмақ.
- Біз барлық үш жоғары қысымды қазандық қондырғысын жұмыс жағдайына келтірдік, - деді аймақ басшысы.
Сонымен қатар облыс әкімі мещициналық мекемелерге барып, онда жылу жүйесіиен бірге жұмыс істейтін қосымша электр жабдықтарын тексерді.
- Риддер қаласының әкіміне білім беру мекемелеріндкгі жағдайды талдауға тапсырма бердім. Қажет болған жағдайда резервтік жылу көздеріне қосылу үшін аталмыш электр құралдарын орнататын боламыз, - деп атап өтті Даниал Кенжетайұлы.