KZ
Өскемен
-1°
плотный туман жел 1 м/с, С
480.61 534.53 5.28

ШҚО-да сел жүруі мүмкін жерлер тексерілді

Фото: gov.kz

4.08.2023, 11:52 194

ШҚО-да сел қаупі бар 13 ошақ анықталған. Олар Катонқарағай, Зайсан, Алтай ауданы және Риддер қаласында орналасқан.

Аталған аудандардағы биік тауларда жылда 11 елді мекенге қауіп төндіретін 144 мореналық көл қалыптасады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Мамандар жыл сайын қауіпсіздік мақсатында көлдегі мұз әлі ерімеген сәттен бастап және олар толық ерігенге дейін аэровизуалды тексеру жүргізеді.

Облыста көшкін жүру қаупі бар 9 учаске бар.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті "Қазселденқорғау" ММ-нің Шығыс Қазақстан аумақтық пайдалану басқармасы филиалымен бірлесіп сел қаупі бар және көшкін жүру қаупі бар учаскелерде халықтың қауіпсіздігі мен жергілікті инфрақұрылымды қамтуға бағытталған іс-шаралар жоспарын дайындады.

Тиісті тұлғаларға 92 хабарлама-ұсынымдар жіберіліп, қауіпті аймақтарда белгі орнатылды.

Жыл бойы жұмыс істйтін  пост пен  9 маусымдық гидропост ашылды.

ШҚО ТЖД дерегі бойынша, қазіргі уақытта облыс аумағында сел және көшкін жағдайы тұрақты. 

Қазіргі уақытта көшкін жүруі мүмкін 54 учаскеде, сел қаупі бар 80 учаскеде жерүсті тексерулері жүргізілді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив