KZ
Өскемен
-15°
небольшая облачность Штиль
524.66 550.21 5.09

ШҚО-да пробациялық бақылаудан жасырынған азамат ұсталды

Фото: egemen.kz

16.08.2023, 19:30 403

Абай облысы Курчатов қалалық пробация қызметінің қызметкерлері ШҚО-да пробациялық бақылаудан жасырынып жүрген сотталған азаматты іздеп тапты.    

10 тамыздан 17 тамызға дейін ҚР аумағында “Есепке алу элементі” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Пробация қызметінің қызметкерлері Курчатов қаласының полиция бөлімімен бірлесіп іздеуде жүрген сотталған азаматтың тұрып жатқан жерін анықтады. Курчатов қалалық пробация қызметінің инспекторы Дарья Юрьевнаның айтуынша, іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері іздеуде жүрген адамды таныстарынан да сұрастырады, жедел ақпараттан бастап әлеуметтік желілердегі ақпаратқа дейін зерттеп, мәлімет алудың түрлі құралдарын пайдаланады.

Жедел-профилактикалық іс-шара аясында пробация қызметі мен Курчатов қаласы полиция бөлімінің қызметкерлері 47 жастағы азаматты ұстады. Күдікті 2021 жылдың қараша айында Курчатов қаласы сотының үкімі бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылған. 2022 жылы Өскемен қаласы сотының қаулысы бойынша ҚР ҚК-нің 73-бабына (Жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру не тағайындалған жаза мерзімін қысқарту) сәйкес оған пробациялық бақылау белгіленіп, екі жыл үш ай өтелмеген мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырылған.

Күдікті Курчатов қаласындағы пробация қызметінің есебінде болған уақытында жазаны өтеу тәртібін қасақана бұзған, әкімшілік жауапкершілікке тартылған, дәлелсіз себептермен тіркеуге келмеген, сондай-ақ сот үкімі бойынша міндеттерді орындамау фактілері де болған. Ал 2023 жылдың шілдесінде сотталған азамат пробациялық бақылаудан жасырынған. Пробация қызметкерлері бірден іздестіру шараларын жүргізе бастады, бірақ олар нәтиже бермеді. Кейіннен тамыз айында сотталған азаматқа іздестіру жарияланды.

“Есепке алу элементі” ЖПІШ өткізу кезеңінде пробация қызметіне сотталған адамның тұрып жатқан жері туралы жорамал келіп түскен. Курчатов қаласы полиция бөлімінің қызметкерлері 12 тамызда күдіктіні ШҚО-ның Шемонаиха қаласындағы туысының үйінде ұстады. Сотталған азаматтың туысы бұрын бас бостандығынан айыру орындарында бірге жазасын өтегені белгілі болды. 

– Қазіргі уақытта сотталған азамат Курчатов қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды, онда сот шешіміне дейін болады. Енді ол өзінің қалған мерзімін 1 жыл 5 ай колонияда өтейтін болады – деді Курчатов қалалық пробация қызметінің инспекторы Дарья Александрович.
 


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу