KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 2 м/с, В
480.61 534.53 5.28

Шығыстың таулы аймақтарында жауын-шашын болады

Фото: Анель Абзалбекова

17.08.2023, 10:00 412 Оразай Жеңісұлы

17 тамызда еліміздің батысында, шығысында күн райы тұрақсыз болады. Шығыс Қазақстан облысының таулы аймақтарында жауын-шашын болады, деп хабарлады Қазгидромет.

Республика бойынша екпінді жел тұруы мүмкін, солтүстікте, шығыста, оңтүстік-батыста, орталықта түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі.

«Күндіз Атырау облысының батысында, шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде 35-36°С қатты ыстық күтіледі.

Атырау, Маңғыстау, Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады», - деп жазды синоптиктер.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, Алматы облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, Жетісу облысының батысында жоғары өрт қаупі бар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив