Білім ордаларында өрт қауіпсіздігі талаптарына қатысты олқылықтар анықталды – ШҚО
Фото: gov.kz
ШҚО-да мектептердегі өрт қауіпсіздігі ережелерінің орындалуы тексеріліп жатыр. Оқу жылына дайындық қарсаңында ШҚО ТЖД аумақтық бөлімшелері білім бөлімдерімен бірлесіп мектептерде тексеру жүргізді.
ШҚО ТЖД эвакуация жолдарын бөгде заттармен бітеу жиі кездесетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
ШҚО ТЖД ұсынған дерекке сәйкес, эвакуация жолдарын бөгде заттармен бітеу, өрт қауіпсіздігі туралы құжаттамадағы кемшіліктер, өрт сөндіру құралдарының жетіспеуі жиі кездеседі. Инспекторлар көрсеткен олқылықты мектеп әкімшілігі оқу жылы басталғанға дейін жоюға тиіс.
Жыл ішінде облыстағы 180 білім беру нысанында тәуекел дәрежесін бағалау критерийлеріне сәйкес тексеру жүргізілді. Нәтижесінде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу бойынша 742 дерек анықталды.