Өскемен гарнизонының танк батальоны оқу-жаттығу өткізді
Фото: Өскемен гарнизонының Баспасөз қызметінің ресми парақшасынан алынды
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Өскемен гарнизонының 27943 әскери бөлімінде танк батальонының тактикалық оқу-жаттығуы өтті.
Оқу-жаттығу шынайы қақтығыс алаңына сәйкестендіре жасалған жағдайда өткен, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
"Танк батальонының жеке құрамы жоспар бойынша жауынгерлік даярлыққа кірісіп, оқу-жаттығу полигонына аттанды. 4 күнге созылған оқу жаттығу барысында жеке құрам жауынгерлік іс-қимылды қайталап, ұрыс жүргізу алаңында қорғаныс шараларын қабылдады", – деп жазылған Өскемен гарнизоны баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.
Оқу-жаттығу жеке құрамның іс-қимылын үйлестіру, теориялық білімді тәжірибе жүзінде сынап көру мақсатында ұйымдастырылған. Сонымен қатар командирлердің біліктілігі мен жеке құрамды басқара білу қабілетін сынау да көзделген.
– Бүгінгі оқу-жаттығу жоғарғы деңгейде өтті. Бір жыл көлемінде игерген білімді практикада қолдана алдым. Т-72 танкін басқарып, артиллериялық снарядпен жұмыс істеп көрдім. Командирлердің бұйрығын барынша нақты әрі сапалы орындауға тырыстым, – дейді қатардағы жауынгер Темірлан Ұзақбай.
Оқи отырыңыз