KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, В
472.57 508.34 5.4

Жас сарбаздар алғаш рет атыс қаруынан оқ атты - Аягөз

2.12.2020, 16:01 184
Аягөз гарнизоны танк бригадасының жас сарбаздар оқу-далалық тәжірибелік жаттығу полигонында АК-74 автоматынан алғашқы ату жаттығуын өткізді. 

Олар алғашқы әскери қызметтің дайындығы барысында атыс қаруының құрылымын, шынайы жауынгерлік ұрыстағы мүмкіндіктерін, ерекшелігін және де қауіпсіздік шараларын теория жүзінде игерген. Ату-жаттығу барысында жас сарбаздар бастапқы оқу-атыс жаттығуын орындады. Қызметті  тыңғылықты бірінші күнінен бастап ынта жігермен орындады. 

Сонымен қатар командирлер  мен тәжірибелі нұсқаушылардың жетекшілігімен олар ату жаттығуларын және басқада әскери қызметтің бағыттарын барлық практикалық сабақты жақсы игерді. Бұл алғашқы жаттығуларын жас әскерилердің «жауынгерлік  жолының бастамасы» деп айтуға болады. Әскердегі  бір жыл қызмет ішінде оларды осындай және ауқымды сабақтар, оқу-жаттығулар мен далалық  жиындар күтуде. 

«Жас толықтырудың ішінен бірнеше жас сарбаз нысаналарға дәл тигізіп, жақсы балл жинады. АК-74 қаруын алғаш қолға алған сарбаздар үшін бұл мақтанарлық  нәтиже. Біздің сарбаздар әскери даярлықтың бастамаларын жақсы үйреніп, енді ант қабылдауға әзір. Біз олардың әскери борышын өтеуге деген талапты істері мен жалынды сөздерінен үлкен қызығушылық, ал жанарларынан ұшқынды көрудеміз», - деді танк бригадасы командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары майор Бақытжан Сералиев.
Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив