KZ
Өскемен
-4°
снег жел 3 м/с, В
517.66 606.49 6.44

ШҚО-да кәсіпорынның мүлкін ұрлаумен айналысқан топ анықталды

Фото: Polisia.kz

13.09.2023, 11:11 338

ШҚО-да Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қылмыстық топтың іс-әрекетіне тосқауыл қойды.

Топ мүшелері облыстағы бір кәсіпорынның мүлкін 2 жылдан астам уақыт ұрлап келді деп ұсталған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Шығын көлемі 500 миллион теңгеден асады.

– Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында полиция қызметкерлері 20-дан астам тінту іс-шараларын жүргізді, заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қажетті сот сараптамалары тағайындалды. Негізгі күдіктілер, қылмыстық топтың ұйымдастырушысы мен белсенді қатысушылары соттың санкциясына сай қамауға алынды, – деп жазылған хабарламада.
 


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу