KZ
Өскемен
+19°
переменная облачность жел 6 м/с, Ю
443.37 474.49 4.83

Арнайы операция: ШҚО-да құны 100 млн теңгеге татитын марихуана мен гашиш тәркіленді

30.03.2021, 11:17 112

Семей қаласы ПБ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің және криминалдық полиция қызметкерлері ЖҚАЖ жауынгерлерімен бірлесе отырып ауқымды арнайы операция өткізді.

Тінту барысында жедел уәкілдер аса ірі көлемде 1,5 центнерден астам кептірілген марихуана мен 10 кг гашиш есірткі заттарын тәркіледі.

- Жедел іс-шара барысында Семей қаласының 44 жастағы тұрғыны Семей қаласына жеткізіліп, каннабис тобына жататын есірткі заттарының аса ірі партиясын сатпақ болғаны анықталды. Есірткі өткізушінің гаражынан 153 кг-нан астам марихуана және 10 кг гашиш тәркіленді, оны ол аталған қаланың тұрғындарына сатпақ болған. Тәркіленген есірткі заттарының саны 32 мың бір реттік дозадан асты, олардың «қара нарықтағы» бағасы 100 млн.теңгеден астам , - деді ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Күдікті қамауға алынды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оның санкциясымен мүлкін тәркілей отырып, 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив