ШҚО-да бопсалаумен айналысқан топ құрықталды (ВИДЕО)
Сәуір айының басында Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері қала тұрғындарының бірінен ірі көлемде ақшалай қаражат талап етіп, бопсалаумен айналысқан қылмыстық топты ұстау бойынша сотпен санкцияланған жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.
- 20-25 жас аралығындағы бір топ адам дене бітімінің артықшылығын пайдаланып, Өскемен қаласы тұрғындарының бірінің автокөлігін иемденіп, кейін оны қайтару үшін қомақты ақша талап еткен. Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері тез арада әрекет етіп, күдіктілер ақша алу барысында ұсталды. Олардан жәбірленушінің травматикалық қаруы мен автокөлігі тәркіленді, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Ұсталған күдіктілер тәртіп сақшыларына бағынбай, үйлердің аулаларында жасырынуға тырысқан. Олардың бірі тапаншамен қаруланған екен.
Нәтижесінде барлық күдіктілер ұсталды, олардан тапанша, сондай-ақ осы қылмыс бойынша басқа да заттай дәлелдемелер алынды.
Күдіктілердің іс-әрекеттері ҚР ҚК 194-нің бойынша сараланады, сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.