KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 2 м/с, Ю
492.22 529.38 5.03

77 млн теңгені мердігерге негізсіз аударған басқарма басшысы сотталды – ШҚО

Фото: egemen.kz

14.09.2023, 14:29 132

ШҚО-да 77 млн теңге бюджет қаражатын мердігерге негізсіз аударған Құрылыс, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бұрынғы басшысы сотталды.

Өскемен қалалық №2 соты баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, экс-шенеунікке қатысты ҚР ҚК-нің 361-бабы 4-бөлігінің 3-тармағымен қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, Шығыс Қазақстан облыстық Құрылыс, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы лауазымын атқарған О. есімді азамат мамандандырылған ХҚО құрылысына қатысты орындалған жұмыс пен жеткізілген жабдықтар жайлы шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтер жазылған қабылдау-тапсыру актісіне қол қойған. Осылайша, мердігердің шотына бюджеттен 77 млн теңге еш негізсіз аударылды.

– Сот айыпталушының өз кінәсін мойындағанын, мемлекетке келтірілген материалдық шығынды толықтай өтегенін, 4 баласының барын ескеріп, оған 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ, - деп жазылған ақпаратта.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив