KZ
Өскемен
-13°
пасмурно Штиль
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да оқушылардың 1,5 миллион теңгесін «алып қойған» есепші сотталды

27.03.2019, 11:32 180

 

ШҚО-да мектеп бухгалтері оқушылардың 1,5 миллион теңгесін қалтасына басқан, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

Семей қаласындағы білім мекемелерінің біріндегі есепші маман 2016 жылдың ақпан айынан бастап 2018 жылдың желтоқсан айына дейін қызметтік жағдайын пайдалана отырып, банк шотына ешқандай негізсіз қосымша төлем аударып отырған. 29 жастағы мемлекеттік қызметкердің «сыйақысы» 1 489 154 теңгені құрады.

 

Семей қаласының №2 соты ҚР ҚК-нің 189-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша айыпталушының 3,6 жылға бас бостандығын шектеді. Сонымен қатар, сотталушы өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылады.

 

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу