KZ
Өскемен
-12°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
498.34 519.72 4.85

Алимент төлемей, жасырынып жүрген азамат анықталды – ШҚО

Фото: egemen.kz

19.09.2023, 10:53 203

Өскемен қаласының тәртіп сақшылары алимент төлемей, жасырынып жүрген азаматты ұстады.

2022 жылдың шілдесінде Өскемен қаласы ПБ Көші-қон қызметі бөліміне алимент төлемеген азаматты іздеу жұмыстарын жариялау туралы  жеке сот орындаушының қаулысы түскен, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

ШҚО ПД дерегінше, аталған азамат 2018 жылдың қыркүйегінен бастап кәмелетке толмаған ұлына алимент төлемеген. Қарыз сомасы 400 мың теңгеден асқан.

– Іздеу іс-шараларының барысында көші-қон қызметінің қызметкерлері 40 жастағы азаматтың Алматы қаласындағы жасырынған орнын анықтады. Енді сот орындаушылары қарызды өндіріп алады, – деп жазылған Департамент хабарламасында.

ШҚО ПД қызметкерлері жыл басынан бері осындай 70-тен астам азаматты анықтаған.

– Көші-қон қызметі атқарушылық құжатты орындамағаны үшін заңда әкімшілік (ҚР ӘҚБтК 669-бабы) және қылмыстық жауаптылық (ҚР ҚК 139-бабы) көзделгенін ескертеді, – дейді ШҚО ПД.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу