KZ
Өскемен
+19°
ясно жел 3 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Алименттен жалтарған шығысқазақстандық Алматыда ұсталды

Фото: aikyn.kz

18.09.2023, 11:47 211 Ләззат Қанатқызы

Өскемендік тұрғын өзінің кәмелетке толмаған ұлына 2018 жылдың қыркүйегінен бастап алимент төлемеген.

Бүгінгі күнге дейін оның қарыз сомасы 400 мың теңгеден асып жығылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Іздеу іс-шаралары барысында көші-қон қызметінің қызметкерлері 40 жастағы ер адамның Алматы қаласында жасырынғанын анықтаған. Сот өндірушілері алименттен жалтарған ер адамнан қарызды өндіріп алмақ.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері алимент төлемеген 70-тен астам адам анықталған.

Көші-қон қызметі атқарушылық құжатты орындамағаны үшін заңда әкімшілік (ҚР ӘҚБтК 669-бабы) және қылмыстық жауаптылық (ҚР ҚК 139-бабы) көзделгенін ескертеді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив