KZ
Өскемен
-20°
туман Штиль
504.6 594.27 6.48

ШҚО-да алимент төлемеген 2 адам тәулік ішінде анықталды

Фото: egemen.kz

26.07.2023, 17:00 373

Өскемен қаласының ПБ Көші-қон қызметі бөліміне жеке сот орындаушыларынан кәмелетке толмаған балаларын асырауға алимент төлемей жүрген және оларға 1 000 000 теңгеден астам қарыз болған азаматтарды іздеуді жариялау туралы қаулы келіп түскен.

Іздеу іс-шараларының нәтижесінде көші-қон қызметінің қызметкерлері бір тәулік ішінде 2 борышкердің тұратын жерін анықтады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

ШҚО ПД дерегінше, енді сот орындаушылар қарызды өндіріп алады.

Көші-қон қызметі атқарушылық құжат талаптарын орындамағаны үшін заңда әкімшілік (ҚР ӘҚБтК 669-бабы) және қылмыстық жауаптылық (ҚР ҚК 139-бабы) көзделгенін ескертеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу