Ұрлық ісіне қатысты күдікті ұсталды – ШҚО
Фото: ШҚО ПД ресми парақшасынан алынды
Глубокое АПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғын жүгініп, пәтеріне ұры түсіп, ақша мен мүлкін ұрлап кеткенін мәлімдеген.
Жәбірленушінің хабарлауынша, белгісіз адам балконның есігін итеріп кірген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Шығын сомасы 400 мың теңгеден асқан.
Өтініш түскеннен кейін жедел уәкілдер қылмысты ашуға дереу кірісті. ШҚО ПД дерегінше, жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер күдіктіні анықтап, ұстаған. Ол – 34 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.
– Полиция қызметкерлері күдіктіден заттай айғақтарды тәркіледі. Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, – деп жазылған ШҚО ПД хабарламасында.
Оқи отырыңыз