KZ
Өскемен
+6°
пасмурно жел 5 м/с, СБ
478.54 533.76 5.17

ШҚО-да екі спорт нысанының құрылысы неге кешіктіріліп жатыр?

Фото: cian.ru

22.09.2023, 17:30 198 Мадина Амангелдіқызы

ШҚО-ның екі ауданында денешынықтыру-сауықтыру кешені салынуда. Алайда құрылыс жұмыстары созылып кеткен көрінеді. 
Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы жұмыстардың неге мерзімінен кешігіп жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі. 
Атап айтқанда, денешынықтыру-сауықтыру кешендері Күршім ауданының Марқакөл ауылында және Катонқарағай ауданының Үлкен Нарын ауылында салынып жатыр екен. Құрылыс жұмыстары кестеден айтарлықтай кешігіп қалған. 
Қазір құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы әлеуметтік нысандардың құрылысы бойынша мәселені ерекше бақылауда ұстап отыр. Осы ретте, «QazConstruction» ЖШС секілді жосықсыз мердігерлердің үстінен сотқа шағым түсірілген. Бұл компания облыс аумағында 4 денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын жүргізуде. Оның екеуінде жұмыстар биыл желтоқсан айында аяқталады деп жоспарланған. Ал Марқакөл мен Үлкен Нарындағы нысандар мерзімінен кешіктіріліп отыр. Дегенмен, «QazConstruction» ЖШС Қасым Қайсенов кентіндегі 320 орындық мектептің құрылысын былтыр желтоқсан айында уақытында аяқтағанын айта кеткен жөн. 
Басқарманың ақпараты бойынша,құрылысты мерзімінен кешіктіруге негізінен құрылыс материалдарының күрт қымбаттап кеткені себеп болған. Жұмысты ұйымдастыру жағында да олқылықтар бар екен.
Айта кетсек, облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы 2020 жылдан бері 31 әлеуметтік нысаны пайдалануға берген: 9 білім беру  нысаны, 5 денсаулық сақтау нысаны, 5 мәдениет нысаны, 11 спорт нысаны, 1 ветеринария нысаны және т.б.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив