Антикор денсаулық сақтау саласын тексеріп жатыр - ШҚО
![](/kz/uploads/posts/2023-09/whatsapp-image-2023-09-27-at-13_19_51.webp)
Фото: Аяужан Утеулинова
Биыл ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменті 3 мониторинг жүргізіп, 54 ұсыным берген.
Бұл туралы аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Департамент басшысы Денис Шакенов мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
– Жыл басынан бері ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлыққа қарсы 3 мониторинг пен 4 сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сыртқы талдауын жүргізді. Сыбайлас жемқорлыққа әкелетін себептер мен шарттарды жоюға байланысты 54 ұсыныс берілді. Оның 60%-ы орындалды. Бүгінгі таңда денсаулық сақтау саласында талдау жүргізіп жатырмыз. Оның ішінде медициналық техника сатып алу, оның халыққа қолжетімділігі мен қолданылуы, медициналық ұйымдардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу, медициналық мекемелер орналасқан ғимараттағы құрылыс-монтаж жұмыстары қамтылған, – дейді ШҚО бойынша Департаменттің басшысы Денис Шакенов.
Азаматтар осы салаға қатысты ақпаратты немесе шағым, ұсыныстарын analiz-vko@mail.ru электронды мекенжайына немесе 8 775 778 80 99 WhatsApp нөміріне жібере алады.
Департаменттің 9 айдағы жұмысы туралы баяндаған спикер білім, экология салалары мен құрылысы ұзаққа созылған нысандардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін атады.
Оқи отырыңыз