KZ
Өскемен
-9°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

160 мыңға жуық адам ЖРВИ-мен ауырған - ШҚО

Фото: Шығыс ақпарат

28.09.2023, 17:29 241

Қазіргі таңда ШҚО-да тұмау және жіті респираторлық вирусты жұқпалардың таралуының алдын алуға бағытталған шаралар жүргізіліп жатыр.

2022-2023 эпидмаусымда 157 583 адам ЖРВЖ жұқтырған. Ал бұл көрсеткіш 2021-2022 жылдардағы маусымда 88 705 болған. Ауру жұқтыру өткен маусыммен салыстырған 1,7 есе артқан екен. Бұл туралы ШҚО СЭБД басшысының орынбасары Сәуле Сләмғазина Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Балалар арасында ЖРВИ жұқтыру көрсеткіші 91 мың адамға жеткен. Бұл өткен маусыммен салыстырғанда 2,2 есе көп.

– Жасөспірімдер арасында 7582 дерек тіркелген, өткен эпидмаусымда 3795 болған. Ауру жұқтыру жасөспірімдер арасында 3787 жағдайға көбейген, – дейді Сәуле Сләмғазина.

Ал тұмау жұқтыру дерегі 2022-2023 жылғы эпидмаусымда 137-ге жеткен. Өткен маусыммен салыстыранда ауру жұқтыру дерегі азайған. 14 жасқа дейінгі балалар арасында 60 бала тұмау жұқтырған.

                   

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу