KZ
Өскемен
-5°
небольшая облачность жел 3 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Кәсіпкерлікті дамыту жобасына 17,5 мың адам қатысты - ШҚО

Фото: «AMANAT»
Фото: «AMANAT»
27.09.2023, 20:06 172 Мадина Амангелдіқызы

«AMANAT» партиясы ШҚО филиалының жанындағы өңірлік экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері бойынша кеңестің отырысы өтті.

Жиында «ШҚО бойынша 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны» іске асыру, егінді жинау жұмыстарын жүргізу, жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету , облыс бойынша сүт мал шаруашылығын дамыту, сүт-тауар фермаларын салу және реконструкциялау туралы мәселелер талқыланды, деп хабарлайды Altaynews.kz cайты.

- Халықты жұмыспен қамту мақсатында облыста кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы белсенді іске асырылып жатыр. 2023 жылғы 25 тамыздағы ақпарат бойынша ұлттық жобаға 17 618 адам қатысты, оның ішінде 7 853 адам немесе 45%-ы - жастар,- дейді ШҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Динара Кожанова.

Кеңес мүшелері «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында суару арналарын реконструкциялау есебінен суарудың жалпы ауданын 51,7 мың гектарға дейін жеткізу мәселесін де қарады.

- Биыл жалпы егін жинау алаңы облыс бойынша 640 мың гектарды құрайды, оның ішінде: дәнді және бұршақты дақылдар - 290 мың гектар, майлы дақылдар - 211 мың гектар, картоп - 11,0 мың гектар, көкөніс мен қауын - 6,0 мың гектар, жемшөп дақылдары - 122 мың гектар. Қазіргі таңда  179,6 мың га немесе 61,8% дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналды,-дейді ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Диляра Жылқайдарова.

Сондай-ақ егін жинау кезінде ауа-райының жаңбырлы болуы шаруаларға жұмысты уақытылы жүзеге асыруға кедергі келтіріп отырғаны айтылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу