ЖРВИ мен тұмау көбейген жағдайда оқушылар қашықтықтан оқуы мүмкін бе?
Фото: ortcom.kz
ШҚО-да жыл басынан бері ЖРВИ жұқтырған 157 мың жағдай тіркелсе, оның 92 мыңға жуығы - 14 жасқа дейінгі балалар. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 68 мыңға артық.
Эпидемиологтардың айтуынша, балалар арасында ЖРВИ-мен сырқаттанушылық 2,2 есе өсіп, тұмау жұқтырған 60 бала тіркелген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Статистикаға сүйенсек, негізінен суық тию жағдайлары қыста, яғни желтоқсан, қаңтар және ақпан айларында жиі кездесетін көрінеді. Көбінесе балалар мен жасөспірімдер оқу орындарында бір-бірінен тез жұқтырып алады.
Естеріңізге сала кетейік, суық тиюдің эпидемиологиялық маусымы 1 қазаннан басталады.