ШҚО-да сібір жарасы тіркелді ме?
Фото: egemen.kz
Елде биылғы 8 айда сібір жарасының 28 жағдайы тіркелген. Маусымда Өскеменде сібір жарасымен ауырды деген күдікпен бір науқас бақылауға алынып, эпидемияға қарсы іс-шаралар толық жүргізілген. Зерттеу нәтижесінде ауру жоқтығы анықталып, диагноз өзгертілді.
ШҚО СЭБД дерегінше, ауруға қарсы екпе салу жоспарының 95,5%-ы орындалған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
27 наурыз -27 сәуір аралығында зооантропонозды инфекциялардың (сарып, сібір жарасы, құтыру) алдын алу шаралары өткізілді.
Сібір жарасының алдын алу мәселесі аумақ әкімдіктерінің отырысында қаралды.
Оқи отырыңыз