KZ
Өскемен
-21°
туман жел 1 м/с, С
524.66 550.21 5.09

Өскемендік тұрғыннан сібір жарасы анықталмады

Фото: yassy-tur.kz

2.10.2023, 16:07 234 Ләззат Қанатқызы

Маусым айының басында өскемендік тұрғын күйдіргі (сібір жарасы) жұқтырды деген күдік болды.

Жалпы жыл басынан бері елімізде тұрғындардың сібір жарасын жұқтырған 30 жағдайы тіркелген. Басым бөлігі Жамбыл мен Ақмола облыстарында анықталды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Эпидемиологтар тұрғынның қауіпті учаскелерде мал жаймағанын және ешқандай мал сою жұмыстарына қатыспағанын, сондықтан қауіпті ауруды жұқтыруы мүмкін емес екенін анықтаған.

- Бірден эпидемияға қарсы шаралар қолға алынды. Сынама нәтижелері теріс шығып, күдік алынды, - деді ШҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Слямғазина.

Естеріңізге сала кетейік, бірнеше апта бұрын Абай облысына қарасты Жетіжар ауылында да тұрғындар сібір жарасын жұқтырды деген күдік болған. Каранитин енгізіліп, сынама нәтижелері теріс шыққаннан кейін, алынып тасталған.

Жалпы, эпидемиологтардың айтуынша, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда биыл сібір жарасын жұқтыру фактісі артқан.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу