KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 3 м/с, З
487.37 532.94 5.09

"ШҚО-ның Құрметті азаматы" атағы өңірдің бес тұрғынына беріледі

Фото: qazaquni.kz

11.10.2023, 12:38 301

"ШҚО-ның Құрметті азаматы" атағын өңірдің бес тұрғынына беру туралы шешім қабылданды.
Бұл шешім бүгін облыстық мәслихаттың кезекті VII сессиясы кезінде жарияланды, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты. 

– ШҚО әкімінің ұсынысы негізінде облыстық мәслихат бес адамға "ШҚО-ның Құрметті азаматы" атағын беру туралы шешім қабылдады. Олар – ҚР-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мұхамедолла Агзамов, Алтай ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Элла Гейгер, ТҮРКСОЙ жанындағы Түркі мемлекеттері жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, "Казцинк" ЖШС бас директоры Александр Хмелев, тарих ғылымдарының докторы Әбдеш Төлеубаев, – деді облыстық мәслихаттың төрағасы Денис Рыпаков.

Аймақ мәслихатында айтылғандай, бұл шешім қабылданған күннен бастап күшіне енеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив