Зайсандағы жазатайым жағдайды арнайы комиссия тексереді
Зайсандағы жазатайым оқиғаны арнайы комиссия тексереді.
Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының хабарлауынша, Зайсан ауданында болған жазатайым оқиға өндіріске байланысты сипатталады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
ҚР Еңбек кодексінің 188-бабына сәйкес тергеу жөніндегі арнайы комиссия құрылады, оның құрамына мемлекеттік еңбек инспекторы, ТКШ инспекциясының маманы, жұмыс берушінің және жұмыскерлердің өкілдері енеді.
Естеріңізге сала кетсек, бір қабатты қоғамдық моншаның ғимаратындағы жылыту қазандығының жарылуының салдарынан бір адам қайтыс болып, екі адам зардап шеккен. ТЖ кезінде моншада келушілер болмаған. Оқиға орнына облыс әкімі Ермек Көшербаев жедел аттанып, барлық жедел қызметтер жұмылдырылды.